479 медициналық ұйымның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113 млрд теңге берешегі бар. Бұл былтырғы кредиторлық қарыз. Сонымен қатар 1 жылда 46 200-ден астам жалған медициналық қызмет көрсетілген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді.
Айдар Нұралиевтің айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар үшін қызмет көрсету құнынан 3 есе көп мөлшерде айыппұл салынады. «Бұдан бөлек, енді медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізіледі», - деді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 479 медициналық ұйымның 113 млрд теңге берешегі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188226/)