Германия мен Францияда өршіген шаруалардың ереуілі Брюссельге жетті. Қарт құрлықтың бірнеше мемлекетінен жиналған фермерлер Еуропарламент алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Шаруалар ЕуроОдақ басшыларынан ауылшаруашылығы саласын қолдауды, шығындарды өтеуді талап етті. Сондай-ақ, олар ЕуроОдақтың «еркін сауда» туралы келісіміне қарсы. Себебі, соңғы он жылда Еуропада 4 млн шаруа қожалығы дағдарысқа төтеп бере алмай, жабылған.
Филипп Легра, Фермер:
Күн өткен сайын жағдайымыз қиындап барады. Бақылаусыз импорт түбімізге жететін болды. Жасыл экономикаға көшу талаптары шаруа қожалықтарын тұншықтырып жатыр.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:
Біздің мақсатымыз-шаруаларды қолдау арқылы Еуропаның азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік беру. Қордаланған мәселелерді шешу үшін, болашағымыз жарқын болу үшін жаңа стратегияны бірігіп жасауға шақырамын.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Брюссельде фермерлер наразылық акциясын ұйымдастырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188260/)