Антикор сейсмикалық қауіпті өңірлерде дабыл қағу жүйесіне арналған шығындарды тексеруге кірісті. Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.
Ведомство басшысы 2018-2023 жылдар аралығындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Тексеріс Алматы қаласынан бөлек, Шымкент, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Антикор дабыл қағу жүйесіне арналған шығындарды тексермек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188276/)