Иордания мен Сирия шекарасында дрондардың соққысынан АҚШ-тың 3 жауынгері қаза тапты. Тағы 34-і жараланған. Мұны америкалық әскерилер хабарлады. Оқиғадан кейін президент Джо Байден мәлімдеме жасап, шабуылды Иранға арқа сүйеген қарулы топтар жасағанын атап өтті.
Осылайша, қазанның 7-де Израиль-Хамас соғысы басталғалы Таяу Шығыста алғаш рет пентагондық сарбаздар опат болып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иордания мен Сирия шекарасында американың 3 жауынгері қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188323/)