Ал Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына отандастарымыз бүгін екі спорт түрінен сайысқа түседі. 4 спортшы шаңғы жарыстарына, 2 спортшы керлингтен бақ сынайды.
Сайыс Астана уақытымен таңғы 7-де басталды. Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғауға 41 спортшы аттанған болатын. Қазір қоржында 1 алтын, 2 қола бар. Жарыс 1 ақпан күні аяқталады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канвон-2024: Бүгін отандастарымыз 2 спорт түрінен сайысқа түседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188328/)