«9-20-25»-ке қатысты тың деректер белгілі болды. Жұрт асыға күтіп отырған тұрғын үй бағдарламасына жыл сайын 150 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаржыға шамамен 8 мыңдай адам ипотека рәсімдей алады. Мөлшерлеме 9, алғашқы жарна – 20 пайыз. Несие 25 жылға дейін беріледі. Бұған дейін «Отбасы банкі» өкілдері бағдарлама көктемде басталатынын айтқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«9-20-25» бағдарламасына 150 млрд тг бөлінбек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188380/)