Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. «Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 200-ден астам патрон табылды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қару арсеналы жасырылған орын анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188396/)