Өзбекстанның Сұрхандария облысында 33 оқушының улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады.
Алдын ала қорытындыға сай, балалар сапасыз тағамнан уланған. Мамандандырылған мектеп-интернатында оқитын жеткіншектерде жүрек айну, асқазан мен іш ауруы байқалған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың мамандары оқушыларға берілген таңғы, түскі және кешкі астан алынған сынаманы сараптамаға жіберген. Жағдай ішкі істер органдарының бақылауында.
Тергеу барысында анықталғандай, балаларға берілген ас санитарлық- гигиеналық нормаларға сай келмеген. Аудандық прокуратура Өзбекстан қылмыстық кодексінің 186-шы бабы 4 -ші тармағымен іс қозғады. Аталған бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімді сақтау мен жеткізудің ауыр салдарға алып келуі дерегін қарастырады.
Базаркүл Отыншиева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстанда балалар жаппай астан уланған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188422/)