Жер қойнауын пайдаланушыларды бақылау күшейтіледі. Ірі компаниялардың салық төлемі мен негізгі табысы тексеріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Былтыр мұнай-газ, тау-кен, пайдалы қазбалар саласындағы кәсіпорындар 10 трлн теңге көлемінде салық төлеген. Ал енді бақылау күшейсе, жыл сайын тағы 50 млрд-тан аса қаржы бюджетке түсуі мүмкін. Жалпы елімізде 5 мыңнан аса жер қойнауын пайдаланушы компания бар.
Әлібек Ибрайым, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мамандандырылған департаментінің директоры:
Қазір Парламент қарауында жатыр. Мәжіліс қолдады. Бірінші отырысында. Ертең екінші отырысы өтеді. Жалпы қаржылық жағынан түсімдер ұлғаяды деген ойдамыз. Сосын ашықтық кеңейеді. Сделкаларды қарауға мүмкіндік береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бақылау күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188453/)