Өзбекстанда қатты желден күн батареялары құлап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда қатты желден күн батареялары құлап қалды

31.01.2024

Өзбекстанның Сұрхандария облысында қатты жел тұрып, жүзге тарта күн батареяларын құлатып кетті. Энергетика министрлігі бұл жабдықтардың әлі толық орнатылмағанын хабарлады.

Шерабад ауданындағы фотоэлектр стансасында 91 күн батареясы жерде шашылып жатыр. Мамандар олардың техникалық жағдайын зерттеуге кірісті. Жарамды қалқандарын қайта орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазір шығын есептеліп жатыр. Айта кетсек, бұл аумақта 1 миллионға жуық күн батареясын орнату жоспарланған. Министрліктің мәліметінше, кейбір бөлшектерде ақау болған жағдайда күн панельдерінің қосымша партиясын жеткізу қарастырылған.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу