Биыл шегірткелерден қауіп жоғары. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының дерегінше, жәндіктің таралуы 11 жыл бұрынғы шарықтау шегіне жетеді. Осының алдын алу мақсатында Үкімет химиялық өңдеу жұмыстарына 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, елімізде кейінгі жылдары үйірлі шегірткелердің таралу аймағы кеңейіп келеді.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет шегірткемен күреске қосымша қаржы бөлді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188471/)