Ел ішінде жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция жарияланды. Белсенділер дәрігерлерге жиі шабуыл жасалып, зардап шегетіндерін айтты. Сондай-ақ, осы күнге дейін ақ халаттылардың құқығын қорғайтын бірде бір заң жобасы әзірленбеген дейді. Ал бүгін басталған петицияға 600-ден аса адам қол қойып үлгерген. Денсаулық сақтау министрлігі де жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылып, жиі келеңсіз жағдайларға тап болатынын жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188515/)