Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасында азаматтардың сапарлау шарттары туралы құжатты ратификациялады. Оның негізіне сүйенсек, екі ел азаматтары тіркеуден өтпей-ақ, 30 күн бойы емін-еркін жүре алады. Бұл өзгеріске қатысты кей депутаттар алаңдаушығын білдірді. Өзге елден Қазақстанға жұмыс іздеп келетіндер біздің мемлекетке салық төлемейді. Әсіресе сатушы, такси жүргізушісі болып жұмыс істейтіндер кәсіпкер ретінде ресми тіркелмегендіктен бақылауда да болмайды. Мұндай әділетсіздік Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттігін төмендетеді дейді депутаттар. Сондықтан Ішкі істер министрінен мәселенің шешімін сұрады. Ержан Сәденов проблеманың бар екенін мойындап отыр.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Азаматтар біздің республикаға қандай себеппен келді? Мысалы, оқу, бизнес бар. Соны документте көрсету керек. Алайда көбі олай емес. Өзіңіз білесіз, заңбұзушылықтар бар. Былтыр 73 мың осындай заңбұзушылықтар анықталды. Оның 46 мыңы Өзбекстаннан. Әрине, осы жерде жұмыс істегесін ол салық төлеуі керек.