Алматы полициясының ғимаратынан қару-жарақ жоғалды. Оны өзіндік қауіпсіздік басқармасы анықтаған. Қолды болған қаруларды бұған дейін тұрғындар тапсырған. Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша тәркіленген. Олардың нақты саны жөнінде әзірге ақпарат жоқ. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бұқаралық ақпарат құралдарында қару-жарақ қаңтар оқиғасынан кейін тәркіленген деп тараған ақпарат жалған.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы полициясының ғимаратынан қару-жарақ жоғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188584/)