Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 өңірде республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Жол қозғалысы Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарында шектелді. «Қазгидромет»-тің хабарлауынша, бүгін 13 өңірде қатты боран соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады. Елордада қалың қар жауып, түнде ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендейді.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188592/)