Мемелекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады. Денис Шипп еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйін баяндады. Оның айтуынша, судья лауазымына ұсынылған азаматтардың саны әлдеқайда артқан. Сондай-ақ әйел судьялардың саны ер адамдармен салыстырғанда 172 адамға көбейген. Бұдан бөлек, аудандық сот төрағаларын сайлау тәртібіне кадрлық резерв жасақтау институтының рөлі әлдеқайда күшейген атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188614/)