Елімізде бизнесті қолдау бағдарламасы жаңартылды. «Даму» қорының хабарлауынша, бұл жолы бағдарлама экономиканың барлық секторын қамтымақ. Яғни, оған микробизнестен бастап, ірі бизнес өкілдеріне дейін қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 5 ақпанда басталмақ. Несие мерзімі - 5 жыл. Мөлшерлеме алғашқы үш жыл 8 пайыз, төртінші жылы 9, бесінші жылы 10 пайыз болмақ. Айта кетерлігі, несие беруде өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешенін дамытумен айналысатын кәсіпкерлерге басымдық берілмек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде бизнесті қолдау бағдарламасы жаңартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188648/)