Семей орталығында орналасқан ірі сауда үйі өртенді. Қызыл жалын түнгі 03:00 шамасында ғимараттың бірінші қабатында тұтанған. Ғимаратта азық-түлік, киім кешек сататын пластик бутиктер орналасқан. Тез жанатын заттар да көп. Сондықтан өрт сөндірушілер отты дер кезінде ауыздықтай алмаған. Алдын ала болжам бойынша, өртенген аумақ шамамен 4 мың шаршы метр. Қауіпсіздік үшін «Ақшың» сауда орталығына жақын көшелер жабылған. Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Өртті сөндіруге 350-ге жуық адам мен 47 техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.
Қымбат Көпбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:
Қазіргі таңда өртті сөндіру әлі жүргізілуде. Базардың маңайының бәрін қоршауға алды. Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін. Өрттің нақты себебі, нақты көлемі өрт өшірілгеннен кейін белгілі болады.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде ірі сауда орталығы өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188774/)