Дәл қазір Парламентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің пленарлық отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі басты мәселе жаңа премьер-министрді тағайындау. Бұған дейін «Аманат» партиясы Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. Ата заңға сәйкес, Президент үміткерді Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен талқылайды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188791/)