Жаңа жасақталған Үкіметтен қандай өзгерістер күтесіз? Бұл сауалды біз тұрғындарға қойған едік. Халық пікіріне назар салсақ...
- Қазіргі Қазақстанның экономикасы дамып келеді. Дүние жүзінде беделі артып келеді. Енді одан артық жақсылық бола берсін деп ойлаймын.
- Студенттер басқа қалаға оқуға барады. Квартира, общяга әртүрлі ғой. Соған жағдай жасап берсе тұратын. Біз мысалы жүрміз ғой Астанада. 1500 км жерден келдік. Стипендиямыздың жартысын сол тұратын жерімізге төлейміз.
- Ең бастысы - халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса екен деймін. Жаңа үкіметтен күтетініміз осы. Халық ешқашан жарықсыз, жылусыз отырмауы керек деп ойлаймын.
- Тың бастамалар бастайды деп мен сенемін. Көлік индустриясын дамытса деп ойлаймыз. Қазіргі шетелден алып келіп жатқан көліктер бар ғой соның алым-салықтарын азайтып, халыққа қолжетімді жағдайға жеткізсе.