Премьер-Министр: Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр: Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек

07.02.2024

Кеше Премьер-Министр қызметіне кіріскен Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымдарына таныстырды. Үкімет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа, ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын ескертті. Ең бастысы, министрлікті формализмсыз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге бағыттағым келеді. «Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек», — деді. Мәди Такиевті Қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында, Премьер-Министр ведомство мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін еске салды.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына Шыңғыс Әріновті таныстыра отырып, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын атап берді. Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде министрліктің алдында жүйені жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыру міндеті тұрғанын айтты.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу