Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары бүгін қайта жалғасты. Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты.
Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген. Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан соң, техника орнығатын аумақты ұлғайтып, қуаты күшті үлкен экскаваторлардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Опат болған екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары қайта қолға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188849/)