Еуропада фермерлердің ереуілі супермаркеттерде азық-түлік тапшылығына әкеп соқты. Бельгияда шаруалар ірі трассаларды жауып, жүк таситын көліктердің азық-түлік қоймаларына баруына кедергі келтірді. Салдарынан, супермаркеттердің тауар қоры түгесіліп, сөрелері бос тұр. Тұрғындар жеміс-жидек, көкөніс өнімдері мен сусын сатып ала алмай, дал болуда. Сатушылар, дүкен қоры мен сөрелерді толтыруға тағы 2-3 апта уақыт қажет екенін айтады.
Бенедикт Клаве, Брюссель қаласының тұрғыны:
Бейбіт заманда дүкен сөресі бос тұрғаны сұмдық қой. Бір емес, төрт дүкенге бардым. Көкөніс жоқ, қашан келетінін білмейміз дейді.
Натали Бландин, дүкен әкімшісі:
Фермерлер үкіметке ерегісіп өздерінің азық-түлік тарату қоймаларын ашпай отыр. Егер, алған беттерінен қайтпайтын болса, біз оларды сотқа береміз.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгияда дүкен сөрелері бос тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188852/)