![9 жастағы Эльгиза Қаражанова «Ғаламның кішкентай аруы» атанды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1398.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматының 9 жастағы тұрғыны Эльгиза Қаражанова «Ғаламның кішкентай аруы» атанды. Балғын арулардың «Little miss&mister Universe 2016» сұлулық байқауы Грузия астанасы Тбилисиде өтті. Жарыста 20 елден келген 50-ге жуық талантты бала бақ сынады.
Эльгиза Қаражанова жарты жыл бойы тынбай дайындалған. Аптасына екі рет би, вокал, сән үлгісін көрсету, актерлық шеберлік үйірмелеріне қатысқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=9 жастағы Эльгиза Қаражанова «Ғаламның кішкентай аруы» атанды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/18887/)