Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда медициналық маска тағуға кеңес береді.
COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі желтоқсаннан қаңтарға дейін сырқаттану саны 2,5 есеге артқанын хабарлады. Қазір жұқпалы инфекция жұқтырған 3 науқас ауруханада емделіп жатыр.
Министрлік ешқандай шектеу шаралары енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Алайда бүгін Үкімет, Мәжіліс пен Сенат ғимаратында маска тағу режимі енгізілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәрігерлер медициналық маска тағуға кеңес береді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188929/)