Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен телефонмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті. Өз кезегінде Әзербайжан Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188932/)