Батыс Қазақстан облысында боранда жоғалған екі адам табылды. Сырым және Шыңғырлау аудандарында тұрғындар мал жайып жүріп, адасып кеткен.
Құтқарушылар екеуін де тауып, аман-есен үйлеріне жеткізді. Ал Бөрлі ауданы Кеңтүбек кентіндегі науқастар Ақсай қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Соңғы екі күнде «ҚазАвтоЖол» мекемесі құтқарушылар және полициямен бірге жолда қалған 70-тен астам көлікті қар құрсауынан шығарды. Ал өңірде әлі 1300-ге жуық отбасы жарықсыз отыр. Орал, Ақсай қалалары мен 4 ауданда үзілген электр желілері қалпына келтіріліп жатыр.
Дамир Тілеубаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
Ауа райы нашарлаған кезде 50-ден астам жүк көлігі, 20-дан астам жеңіл көлік жолдан шығарылды. Оның ішіндегі 64 адам құтқарылды, солардың 8-і балалар. Ең бастысы, жолды жабар кезде жолға шығып кеткен немесе жолда қалып қойған кісілерді далада қалдырмау.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да боранда жоғалған екі адам табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188961/)