Грузияның Имерети өлкесінде таудан лай көшіп, 4 тұрғын үйді басып қалған. 9 адамның денесі табылды. 1 адам аман қалған. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Жолдар тазартылып жатыр. Апатқа өңірде екі күн қатарынан тоқтамай жауған жауын-шашын себеп болған. Лай көшкіні 150 мың текше метр аумаққа жайылды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Грузияда лай көшкінінен 9 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188967/)