Енді IT мамандықтарды тегін меңгеруге болады. Себебі елімізде жас қыздарға арналған «Tech girls» бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мәлімдеді. Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады. Бағдарлама қыздардың ақпараттық технологиялар саласындағы әлеуетін ашуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Өтінімдер ағымдағы жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін қабылданады. Екі айға созылатын «Tech Girls» бағдарламасы елдің барлық аймақтарынан келген 3000-нан астам қыздарға айти саласының әртүрлі бағыттары бойынша тегін оқытылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жас қыздарға арналған «Tech girls» бағдарламасы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188985/)