Елімізде әбден тозығы жеткен көліктер көбейіп кетті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда тіркелген 4,6 млн автомобиль бар. Оның 45 пайызының, яғни 2 млн 100 мың көліктің тізгінделгеніне 20 жылдан асқан. Ал 1 млннан астам темір тұлпардың шыққанына 10-20 жыл болған. Министрлік мұны былтыр заңдастырылған шетелдік көліктердің көптігімен байланыстырады. Ескі автоның басым бөлігі - Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде тозығы жеткен көліктер көбейіп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189005/)