Қытай халқы Ай күнтізбесі бойынша бүгін жаңа жыл мерекесін қарсы алды. Жергілікті тұрғындар бұл мейрамды Чуньцзе деп атайды. Осыған байланысты елдің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік шаралар, көрмелер, жәрмеңкелер өтіп жатыр. Қытайлықтар көктем мерекесін әдетте өз отбасыларымен, туған-туыстарымен бірге тойлайды. Сол себепті ел ішінде саяхаттаушылар саны күрт артқан. Жаңа жылды тойлау мұнда екі аптаға жалғасады. Мереке 24-ші ақпанда Шамдар фестивалімен аяқталады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189011/)