Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі газ жарылысынан зарап шеккен тағы бір науқас қаза тапты. Өзбекстан азаматының денесінің 87 пайызын күйік шалған еді. Алдын ала болжам бойынша, 29-шы қаңтар күні олар ішке 27 литрлік газ баллонын кіргізген. Суықтан бірден ыстық жерге қойылған баллон жарылған. Салдарынан 2 қабатты үй ортасынан опырылып, төменде тұратын ерлі-зайыптылар қаза тапты. Ал дәрігерлер қарауында болған өзге 2 науқас емделіп үйге шығарылды. Олардың бірі – бала. Екіншісі өзбекстандық азамат. Жарылыс салдарынан он екі отбасы баспанасыз қалған болатын. Комиссия опырылған үй тұруға жарамсыз деп шешім шығарды. Жергілікті билік тұрғындарды пәтермен қамту мәселесін шешеді.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ботақарадағы газ жарылысы: Ауруханада жатқан науқас қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189063/)