Ұлттық ұланның 5 әскери қызметкері сотталды. Оларға 1 миллионға жуық доллардың жанар-жағармайын ұрлады деген айып тағылған. Оның 4-еуіне тоғыздан 10 жылға дейін жаза кесілді. Олар бірнеше жыл бойы әскери бөлімнен жанар-жағармай ұрлап сатқан. Тағы бір күдікті жанар-жағармайды жөнді қадағаламай, салғырттық танытқаны үшін кінәлі деп танылып, 2,5 жылға сотталды. Үкім кесілденгердің барлығы мемлекетке келтірілген шығынды түгел өтеген. Сотта осындай мәлімет айтылды.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық ұланның 5 әскери қызметкері сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189178/)