Теміртау қаласындағы газ жарылысынан кейін үйінді астынан 1973-ші жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Тағы бір әйел адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны күйік шалып, шок алған деп отыр. Жағдайы орташа-ауыр.
Бүгін таңертең сағат 08:06-да екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Мұнда газ орталық желіден жеткізілген болып шықты. Қазір құтқарушылар үйіндіні тазартып, дүкенде басқа адамдардың болған-болмағанын анықтап жатыр.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміртауда газ жарылысынан кейін бір адамның денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189249/)