![«Шалқар» радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Исатайқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1514.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты жиыны өтті.
Шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның қызметкерлері Қаракөзова Гүлмира Әлібекқызы («Астана» радиосының директоры), Нығметова Мейрамгүл Исатайқызы («Шалқар» радиосының редактор шолушысы), Әлібек Дархан Шарханұлы (АБД операторлар бөлімінің қоюшы-операторы) «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова табыстады.
Мейрамгүл Нығметова «Шалқар» радиосындағы «Денсаулық», «Білімдіден шыққан сөз» хабарларының авторы әрі жүргізушісі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар» радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Исатайқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/18925/)