Шығыс Қазақстан облысында да өткен түннен бастап аяз қаһарына мінді. Түнде кейбір таулы аудандарда - 42 градус суық болды. Әлі де қатты аяз болып тұр. Сондықтан бүгін Өскемен, Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Глубокое, Зайсан, Күршім, Ұлан , Катонқарағай, Шемонаиха аудандарында бірінші аусымдағы барлық оқушылар онлайн оқып жатыр. Ал өңірде республикалық маңыздағы екі, облыстық деңгей бойынша 4 бағыттағы жол әлі жабық тұр.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында аяз 42 градусқа жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189291/)