Израиль мен Хамас арасындағы соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ агенттігі мәлімдеді. Осы жеткіншектердің түгелге жуығы ата-аналары мен баспанадан айрылғаннан кейін ауыр психологиялық жарақат алып, ұйқысыздықтан, тәбеттің төмендеуінен зардап шегіп отыр. Сонымен қатар, балалар үнемі алаңдап, жарылысты естігенде байбалам салады.
Газадағы соғыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталды. Содан бері Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газада соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189298/)