Әлемге аты әйгілі Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды. Ол «ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Әр адамның құқығы қорғалған және мүмкіндіктерге ашық әлем үшін бірігейік», - деді. Халықаралық көші-қон ұйымы әртістер, суретшілер, спортшы және басқа да белгілі тұлғалардан тұратын тоғыз ізгі ниет елшісін тағайындаған. Ізгі ниет елшілері көші-қон мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, әлем бойынша таланттардың танылуына ықпал етеді. Айта кетейік, халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189299/)