Ақмола облысында сарышұнақ аязда жолда қалған 191 адам құтқарылды. Оның 20-сы бала. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше кешке Жақсы-Есіл-Бұзылық тасжолында тәжік және өзбек азаматтары мінген екі бірдей автобус істен шыққан. Құтқарушылар оларға дер кезінде көмек көрсетіп, жақын маңда орналасқан елді мекендердегі жылыту пунктеріне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, Астана-Щучинск тасжолында діттеген жерлеріне жете алмай қалған тағы екі адам қауіпсіз жерге жеткізілді.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жолда қалған 191 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189316/)