Екібастұзда нөмірі екінші жылу электр стансасын жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылған. Мәліметті Павлодар облысының прокуратурасы таратты. Құзырлы орган 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражаттың жұмсалуын тексеріп, заң бұзу деректерін анықтаған. Әзірге атқарылды деп көрсетілген, бірақ расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгеге жеткен.
Қазір aca ірі мөлшерде мүлікті жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Прокуратура жақында мемлекетке келтірілген залалдың нақты мөлшерін және осы қылмысқа қатысы бар тұлғалардың есімін жарияламақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екібастұз МАЭС-2 стансасын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189337/)