АҚШ-тағы Сан Антонио тауында адасып кеткен қазақстандық 6 азамат құтқарылды. Олар теңіз деңгейінен 3 мың метр биікке көтерілген кезде, Аю шатқалы арасында жолдан адасқан. Қиындыққа тап болған саяхатшылар құтқарушыларға хабарласқан. Лос-Анжелестен арнайы тікұшақ келгенше, тауда қалған алтау киімдерін жағып, амалдаған. Құтқарылған отандастарымыздың жағдайы жақсы. Медициналық көмекке жүгінбеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тағы Сан Антонио тауында адасып кеткен қазақстандықтар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189346/)