Алматы облысында 117 кәсіпкер алкогольді заңсыз саудалап келген. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті. Алыпсатарлар ішімдікті лицензиясыз сатып, салық төлеуден жалтарып келген. 9 мыңнан астам бөтелкедегі түрлі спирттік өнім тәркіленіп, жойылған. Заңды бұзған кәсіпкерлер, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, елімізде этил спирті мен алкоголь өнімдерін сертификатсыз сатуға тыйым салынған.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында 117 кәсіпкер салық төлеуден жалтарған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189408/)