«Қазгидромет» ел аумағында қатты аяз болатынын ескертті. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Жетісу облысында -30, -35 градус, Шығыс Қазақстан облысының кей бөлігінде -45 градус аяз болады. Абай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда дизельді отынмен жүретін көліктер мен жолаушылар автобусының қозғалысына шектеу енгізіледі деп жоспарланған.
Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды ескертеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің шығысында 45 градусқа дейін аяз болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189437/)