Еліміздің алты өңірінде оқу онлайн өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы бірінші ауысымда оқитын барлық сынып оқушылары қашықтан білім алады. Абай облысында тіпті колледж студенттері онлайн оқуға көшті. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының оқушылары сабақты қашықтан оқуда. Астанада да 9-шы сыныпқа дейінгі бірінші ауысымда білім алатын оқушылар онлайн форматқа көшті. Көкшетау қаласының бастауыш сынып оқушыларына онлайн білім беру ұйғарылды. Сақылдаған сары аяз салдарынан еліміздің 9 өңіріндегі республикалық маңызы бар 30 күре жолда көлік қозғалысы шектелгенін де айта кетейік.
Қаракөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің алты аймағында оқушылар қашықтан оқып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189456/)