Жайлы мектеп ұлттық жобасын іске асыруда бірқатар кемшілік бар. Бүгін үкімет отырысында мәселелер жан жақты талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, қазір мердігерлердің жұмысына тиісті бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Кей өңірлерде әлі күнге дейін жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту мәселелері шешілмеген. Ал жоспар бойынша 98 мектеп келер оқу жылына дейін 120-ға жуық оқу нысаны жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Үкімет басшысы барлық мүдделі органдарға жұмыстарды жеделдетуді құрылыс мерзімін кешіктіруге болмайтынын қатаң ескертті.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жайлы мектептердің құрылысы Үкіметтің қатаң бақылауында болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189468/)