Ажырасудың басты себептері қандай? Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенаттағы Үкімет сағатында ерлі-зайыптылардың ажырасу мәселесін көтеріп, оның негізгі себептерін атады. Зерттеу бойынша, айырылысқан жұптардың 61%-ы ішімдік пен нашақорлық салдарынан екіге бөлінген.
Сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық та әсер ететіні анықталған. Бұл 51%-дан асады. Опасыздық - 47%, ал лудоманияның кесірі 38%. Ерлі-зайыптылардың 20%-ы бала сүйе алмағандықтан ажырасады екен.
Динара Жарқынбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ажырасудың басты себептері қандай?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189483/)