Қостанайда 6 жастағы қыз бала жылу желісінің қақпағы ашық қалған құдығына құлап кетті. Оқыс жағдай тапа-тал түсте болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар баланы аман сау сыртқа алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Құдық ішінде тереңдігі 60-70 саниметр су болған. Соның салдарынан денесі қатты мұздап қалған бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ дейді.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда 6 жасар қыз бала құдыққа құлап кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189544/)