Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда саласына бизнес субъектілерінің 36%-ы тартылып, 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Министрдің сөзінше саудамен айналысатын азаматтардың орташа айлық табысы 309 993 теңгені құрады. Саудаға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 23,6%-ға өсіп, ішкі тауар айналымы 2023 жылы 20,3%-ға артқан.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189575/)