Сауд Арабиясы бүгін өзінің құрылған күнін атап өтіп жатыр. Бұл корольдіктің негізін 1727 жылы ақпанның 22-де имам Мұхаммед бин Сауд қалады.
Сауд Арабиясы Таяу Шығыста орналасқан және ол Араб түбегінің басым бөлігін алып жатыр. Сонымен қатар, Саудия - жер көлемі жағынан Азияның бесінші ірі мемлекеті. Оның халқының саны 36 миллионға жақындап қалса, жалпы ішкі өнімі 833 миллиард доллардан асып отыр.
Тағы бір айта кететін жайт – Сауд Арабиясы әлемдегі екінші ірі дін – Исламның отаны. Ал осы монархияның Қасиетті Мекке мен Мәдина шаһарлары орналасқан Хиджаз аймағына қажылыққа жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірнен миллиондаған мұсылман баратын белгілі.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауд Арабиясы құрылған күнін атап өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189592/)