Қытайда 64 жылда болмаған үскірік аяз. Елдің батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында ауа температурасы рекордтық 52 градусқа төмендеген. Мұның алдында сынап бағанасы +1,6 градусты көрсетіп тұрған еді. Осыншама қатты суықтан құстар өзендегі мұзға тірідей қатып, қырылған. Елдің өзге бөліктерінде де қыс қаһарына мінді. Қалың қар жауып, боран соқты. 200-дей жол учаскесі жабылған. Қытайдың ұлттық метеоқызметінің мәліметінше, үскірік аяз елдің солтүстік-батысы, орталығы мен тіптен жылы оңтүстік бөлігіне де жетуі мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда 64 жылда болмаған -52 градус аяз тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/189623/)